Шудағы апаттан кейін теміржол қозғалысы қалыпқа келе бастады

Шу ауданындағы теміржол апатынан соң шойын жолдағы қозғалыс қалпына келе бастады. 

13 бағыт бойынша қаңтарылған пойыздар біртіндеп жүріп жатыр. Дегенмен, Жамбыл облысы станцияларында әлі де абыр-сабыр. Мәселен қазір Тараз вокзалында өз бағытын күткен 100-ге жуық адам бар. Шу мен Луговой вокзалында да пойыз тосқан жолаушылар бар. Жергілікті билік жолда қалғандарға су таратып, төтентешеліктер тарапынан «жедел желі» іске қосылды. Ал теміржол тарапы жолынан қағылғандарға  әр сағат үшін билет құнынан 3 пайыз өтемақы төлеп бермек. Айта кетерлігі, Аспара станциясындағы апат түнгі сағат 02:00-лер шамасында болды. «Тараз-Шу» бағытындағы жүк пойызы рельстен шығып, 2 электровоз бен тепловоз және 4 вагон аударылып қалды. Жарақат алған вагон күзетшісі, ауруханаға жеткізілдіп ем қабылдауда.  Апаттан 50 метр темір жол бүлініп, бірнеше электр бағаны зақымданған. 

Дидар Мүсретәлиев, вокзал басшысы:

Электр желілері үзіліп, соған нелері болмай тепловозбен алып келіп, Луговойдан локомотивтерді ауыстырып жатырмыз. Шамамен 18:00-ге дейін қалған үш пойыздың барлығын өткізіп, бір тәуліктің көлемінде бұрынғы бекітілген өз кестесі бойынша жүретін болады.