Қалың шегіртке Маңғыстауға жетті

Қаптаған шегіртке Маңғыстау өңіріне жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қанатты зиянкестер әсіресе Қарақия ауданында көп байқалады. Республикалық фитосанитариялық сараптама орталығының мәліметіне сүйенсек, азиялық шегірткелер Құрық ауылына жеткен. Жәндіктер жалпы аумағы 50 гектардан аса жерге таралған. Бірақ мамандар егін алқаптарына келер қауіп жоқ дейді. Әзірге шаруа қожалықтарынан ешқандай шағым түспеген. 

Мақсат Жұмасат, Қарақия ауданы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Аталған жұмыс тобы шаруа қожалығы өкілдерінің өтініші негізінде шегірткеге қарсы улау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар шаруа қожалығы иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, зиянкестерді жоюға арналған арнайы химиялық қоспасы берілді.