Каспий теңізінде 2 жасөспірім құтқарылды

Каспий теңізі жағалауында суға батып бара жатқан 2 жасөспірім құтқарылды. 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 16 және 15 жастағы жеткіншектер серфинг таяқшасымен жағадан 1,5 шақырымға ұзап кеткен. Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының нәтижесінде олар жағаға аман-есен жеткізілді. Мамандардың айтуынша, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.