Е. Қарин жемқорлыққа қарсы комиссия отырысын өткізді

Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жиында білім және денсаулық сақтау салаларына қатысты жемқорлыққа қарсы кешенді жоспардың орындалу барысы қаралды. Отырысқа Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин төрағалық етті. Президенттің тапсырмасы бойынша қолға алынған бұл жұмыс тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды бөлігі саналады. Басқосуда Мемлекеттік кеңесші аталған салаларда жемқорлықпен күресті күшейту қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты мүдделі мемлекеттік органдар алдына кешенді жоспарды өзектендіру жөнінде міндет қойылды.