Таразда жабайы қарасора дайындаған күдікті ұсталды

Тараз қаласының 31 жастағы тұрғыны жабайы қарасора дайындау кезінде ұсталды.

Одан 190 келіге жуық каннабис тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Күдікті «Қарасора – 2023» және «Дәрмек» жедел-іздестіру жұмыстары барысында қолға түсті. Арнайы операцияны облыстық полиция департаментімен  қатар  «Бүркіт» арнайы жасағының қызметкерлері бірлесіп жүргізді. Ұсталған азамат кінәсін мойындап отыр. Қазір ол Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ол енді, он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.