Батыстағы бизнесмендердің мәселелері қаралды

Еліміздің батыс өңіріндегі кәсіпкерлерді қандай мәселелер толғандырады.

Бүгін "Аманат" партиясының орталық аппаратында Энергетика, экология, қаржы және ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының бизнесмендерімен бейнебайланысқа шығып, өзекті түйткілдерді талқылады. Кәсіп иелеріне министрліктерге тікелей сұрақ жолдау мүмкіндігі алғаш рет беріліп отыр. Қазір батыс өңірінде мал шаруашылығына жем-шөптің жетіспеуі проблемаға айналды. Қуаңшылық салдарынан мал азығын әзірлеу қиын. Қордаланған мәселелерді шешуге "Аманат" партиясы атсалысып, заңнамалық тұрғыдан парламентте кәсіпкерлерді қолдауға дайын екенін жеткізді.

Эльдар Жұмағазиев, "Amanat" партиясының хатшысы:

- Партия қазір Мәжілістегі ең көп депутаттары бар партия. Кодекстер, заңдар болатын болса кәсіпкерлердің өмірін жеңілдететін – барлық ұсыныстарды қарап, оларды ертең күзде мәжілістің жұмысы басталғанда жүзеге асыруға тырысамыз.