Ақмола облысындағы елді мекендер дамуы жіті назарда

Елді мекендердің дамуы жіті назарда болады.

Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты ауылдарда бірнеше әлеуметтік және өндірістік нысан құрылысы жүріп жатыр. Жергілікті тұрғындар жақын болашақта жаңадан салынған сүт фермасының, мектеп мен аурухананың игілігін көре алады. Сонымен қатар, жатақхана мен спорт кешені және мәдени клуб та пайдалануға беріледі.

Елордадан 50 шақырым қашықтықта жатқан Мәншүк ауылында сүт өндіру ферамасы қолданысқа беріледі. Бұнда бас-аяғы 1000 ірі қараға арналған база салынып, 40-қа жуық адамды жұмыс қамту жоспарланып отыр.

Тимур Пішенов, "Мәншүк" ЖШС директоры:

- Бұл ферамада күніне 45-48 тонна сүт өндіруге болады. Жұмыс барысында соңғы технологияларды пайдаланамыз. Астана қаласы жақын. Сәйкесінше, сүт өнімдерін өткізетін нарық дайын. Сұраныс жоғары. Құрылыс жұмыстарын биыл аяқтаймыз.

Ауылда өніріспен қатар әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысына да ерекше мән берілген. Мысалы, жергілікті кәсіпкерлер мектеп мұғалімдеріне мынадай жатақхана салып берді. Ал Астана іргесіндегі Қосшыда, тіптен, қуанышты жағдай, Биыл су жаңа білім ордасы қолданысқа беріліп, балаларды қабылдай бастайды.

Гайдар Қасенов, Қосшы қаласының әкімі:

- Осы мектеп жеке инвестиция – 7,5 млрд тг. 1500 баланы бір сменада қабылдайды. Сондықтан, 2 аусым болса, 3 мың баланы қабылдайды. Бүгінгі таңда 2,5 мың өтініш келіпе түсті. Мектеп – гимназия.

Сонымен қатар, бұнда заманауи спорт кешені де қолданысқа берілмек. Ал Софиевка ауылында жаңадан мәдени клуб салынды. Бұған қоса, аудан бойынша жол инфрақұрылымын реттеуге де қатты көңіл бөлініп жатыр. 

Авторлары: Аслан Қаженов, Серік Қоңырбаев