Президент қаза тапқан мұғалім Александр Руденконы II дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады

Ол Астана қаласының № 32-ші мектеп-гимназиясында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болған.

Александр Руденко 12-ші шілдеде Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза тапты. Бүгін мемлекет басшысы төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін батырды екінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.