Оралда жылу қазандығы жөнделіп жатыр

Оралда мамыр айында істен шыққан жылу қазандығы жөнделіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұмыстың 70%-і бітіп тұр, қалғаны қыркүйектің ортасына дейін аяқталауы тиіс. Жобаға бюджеттік резервтен 534 млн теңге бөлінді. Жөндеуге байланысты бір көшенің бойындағы 18 көпқабатты үйдің тұрғындары ыстық сусыз отыр.

Өткен жылыту маусымында желілерде 20-дан астам апат болған. Бұған құбырлардың тозуы себеп. Барлық инженерлік желінің шамамен 60%-і ескірген. Құбырларды жаңғырту жұмыстары қаланың 2025 жылға дейінгі кешенді даму жоспарына енді.

Жандос Дүйсенғалиев, қала әкімінің орынбасары:

- Жобалық-сметалық құжаттар шығып жатса жыл соңында, біз республикалық бюджеттен қаржы сұрайтын боламыз. Ал қалған 6 ғимарат – кезең бойынша жүретін жоба. Сәйкесінше бірінші мына 5 ғимаратты реттеуіміз керек. Одан кейін жұмыс басталған кезде қалған 6 ғимаратты жобалауды бастаймыз.