Ақтөбе облысында қатерлі ісікке шалдығу көрсеткіші төмендеді

Мәселен, осыдан екі жыл бұрын 1700-ден аса тұрғын онкологияға шалдықса, былтыр бұл көрсеткіш шамамен 100 адамға дейін азайды. 

Мамандар мұны скрининг шараларының дер кезінде жүргізілуімен байланыстырады. Зерттеу барысында сүт безінің қатерлі ісігі жиі анықталған. Дегенмен, асқазан қылтамағы мен өкпе обырына шалдыққандар да аз емес. Науқастардың дені 40 пен 60 жас  шамасында. Ауруды бастапқы кезеңінде анықтау көрсеткіші былтыр 17 пайыздан асса, биыл алты айда 25 процентке жетті.

Елдос Смайылов, М.Оспанов атындағы медициналық орталығының басшысы:

- Біздің ең үлкен мақсатымыз - қатерлі ісікке шалдыққан адамдардың ең бастапқы сатыларда табу, анықтау. Өйткені өздіріңіз де түсінесіздер, бастапқы сатыда шалдыққан науқастың өміріңіз ұзақтығы, тез айығып кетуі болсын осы аурудан өте жоғары пайыздарды көрсетеді.