Шетелдік көлікті заңдастыру: Ақтөбеде 4 адам жалған құжат тапсырған

Ақтөбеде шетелдік көліктерді рәсімдеуге жалған құжат тапсыру дерегі анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір аптаның ішінде осындай 4 жайт тіркелді. Жүргізушілер көліктің Қазақстанға былтыр қыркүйек айына дейін кіргені туралы шекара анықтамасын ұсынған. Тексеріс кезінде құжаттың жалған екені әшкереленді. Бұдан бөлек, шетелдік темір тұлпарды заңдастыру кезінде жалған мемлекеттік тіркеу куәлігі мен техникалық паспорт ұсынылған. Жыл басынан бері осыған ұқсас 100-ден астам былықтың беті ашылды.

Данияр Сарқұлов, облыстық ПД процессинг орталығының бастығы:

- Қазіргі таңда ҚК 385-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көлік құралы тұраққа қойылады, болмаса жаңағы «под сохранную расписку» дейді ғой. Солай беріледі.