Маңғыстау облысында газ тарату нысандары тексерілді

«ҚазТрансГазАймақ» мамандарының алдағы жылыту маусымына газ нысандарын дайындауы қарқынды жүріп жатыр.

Газ құбырлары мен жабдықтарын салу және жөндеу жұмыстарының орындалуы белгіленген кестеден алда келеді. Компания басшылығы апта сайын әр өңірдің күзгі-қысқы маусымға дайындығын арнайы тексереді. Кезекті бақылау шарасы Маңғыстау облысында жалғасты. 

Түпқараған ауданында газ шаруашылығы мамандарының алдында жауапты міндет тұр. 15 мың тұрғыны бар Ақшұқыр ауылында 4 шақырымдай құбырды жаңалау биыл аяқталуы тиіс. Жаңа құбыр елдімекенге берілетін газ көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Жылыту маусымын алаңсыз өткізуге арналған жұмыстарды «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы барлық аймақта өткізіп жатыр. 

Бауыржан Асқаров, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Бас директоры:

- Барлық жерде газ құбырларын тексеріп, алдымызда келе жатқан жылыту маусымына дайындық жұмыстарын инспекциялап, бірнеше обьектілерімізді көрдік. Қауіпсіздік мәселесі өте маңызды біз үшін. Сондықтан, айтуымыз керек жұмысымыз жоғары деңгейде өтіп жатыр. 82%-ке жуық жұмыс жасалды. Жылыту маусымына дейін жұмыстарды жасап бітіреміз.

Авариялық-жөндеу тобы оқиға орнына 9 минутта жетті. 50 метр аумаққа газ таралуын арнайы құралмен тексеріп, жақын маңдағы газ бұрандасы бар құдықтарды тексерді. Мамандардың кәсіби біліктілігі бірден байқалып тұр. Газ апатының бетін жедел қайтару тәжірибесі жылыту маусымы қалыпты өтуіне септігін тигізеді. Ұлттық компания ұстанымы тұрғындар мен әлеуметтік маңызды нысандарды табиғи газбен тұрақты қамтамасыз ету.

Тамара Маткаримова, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Газ келгенше қиыншылық - баллон жетпей қалатын. Сосын ол қауіпті. Рақмет, қазір газ келді. Тамақты да отқа асатын едік. Үлкен проблема еді. Қазір біраз мәселеміз жеңілдеді. 

Тамара Маткаримова «Сарша» жері арқылы «Қазтрансгазаймақ» компаниясы салған газ құбырына алғаш қосылған тұтынушының бірі. Құрықтан Ақтауға дейін жағажайда төселген газ құбырына енді шаруа қожалықтары қосыла бастайды. Газ тарату торабы жұмысымен «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басшысы Санжар Жаркешов танысып, мамандардың еңбегін оң бағалады. 

Талғат Исламұлы, Ренат Досалиев