Астанадағы үшінші жылу энерго орталығының құрылысы 90 пайызға орындалды

Биыл газбен істейтін 4 бірдей қазандықты кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр.

Бұл туралы үкімет басшысы  Әлихан Смайыловқа жылыту маусымына дайындықты пысықтау кезінде баяндалды. Үшінші жылу энерго қазандығының әлеуметтік маңызын айта келіп, нысанды іске қосу Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін атап өтті. Премьер-министр «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансаларының да құрылысын барлап қайтты. «Тұран» газ жылу стансасы,.. сағатына шамамен 350 Гигокаллорий бөліп, шаһарды қосымша жылумен қамтамасыз ете алады. Сол сияқты «Оңтүстік-Шығыс» стансасы да елорданың сол жағалауын осындай көлемдегі жылумен қамтуы тиіс. Жалпы, үш бірдей жаңа жылу нысаны елордадағы жылу қуатын сағатына 1 мың 100 гигокаллорийге арттырады.  Демек, жылуды артығымен беруге жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ, елорданы болашақта жылумен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін келесі жылы қосымша газ қазандықтарын енгізу жоспарланып отыр», деді Әлихан Смайылов.