Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілердің аты-жөні жарияланды

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қаза тапқан кеншілердің аты-жөнін жариялады.

Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылы туған, 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі - 21 жыл, Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 4 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі - 10 жыл, Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылы туған, 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі - 39 жыл, Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылы туған, 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі - 39 жыл, Старовойт Илья Александрович, 1996 жылы туған, 3 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі - 4 жыл.

Естеріңізде болса, 17 тамыз күні  Қарағанды облысындағы "Қазақстан" кен орнында, таспа отқа оранып 222 адам құтқарылды. Бес кенші  жоғалып кеткен болатын. Кейін құтқарушылар олардың мәйітін тауып, жер бетіне шығарған. Қазір ондағы өрт сөндіріліп жатыр. Апат салдарынан 13 кенші ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы орташа ауыр хәлде. Қылымыстық іс қозғалды, төтенше жағдайға не себеп болғанын арнайы тағайындалған комиссия анықтайтын болады.