Елде газ тұтыну қарқыны ұлғайды

Елде газ тұтыну қарқыны артып келеді.

Өткен жылы ол 1,8 млн тоннаны құрады. Оның 65 пайызға жуығы автокөліктердің үлесінде. Бүгін Үкімет қабырғасында өткен кеңесте сұйытылған мұнай-газ өндірісін ұлғайту шаралары қаралды. Биыл болжамды газ тұтыну көлемі 1,9 млн тонна көлеміне жетпек. Әлихан Смайылов жанар-жағармай нарығындағы жағдайды ұдайы бақылауды және кәсіпорындар мен әлеуметтік мекемелерді газбен қамту жобаларын уақтылы іске асырудың маңызды екенін атап өтті.