Қауіпті қиылысқа жаңа бағдаршам орнатылады

Талдықорғандағы қауіпті көше қиылыстарына жаңа бағдаршамдар орнатылып жатыр.

Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 192 млн теңге бөлінген. Әзірге жол қозғалысын реттеу құрылғылары қаладағы 10 көше қиылысына қойылды. Қазан айына дейін тағы 6 көшеде жаңа бағдаршамдар жұмыс істей бастайды.

Өйткені соңғы кездері Жетісу облысында жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен. Жыл басынан бері облыста 290 дерек тіркеліп, 88 адам қаза тапты. 435 жолаушы түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған.  

Нұрбақыт Алтынбеков, Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Талдықорған қаласының жол полициясының нұсқауымен орнатылып жатыр мұның барлығы. Қай жерде авария көп болса, сол жерлерге орнатамыз. Бұл негізі Сланов-Ескелді би көшесі, Балпық би-Ақын Сара көшесі, Рүстембеков-Қонаев көшесі және мына біз тұрған «Жастар 2», тағы басқа көшелерге орнатылады.

Мәдина Қалиева, қала тұрғыны:

- Бағдаршамдар өте қажетті. Өйткені жол апатынан сақтайды. Біз дәл сол жол апаты өте көп, қауіпті жерде жұмыс істейміз. Қонаев-Рүстембеков, сол қиылыста өте көп жол апаты болыпты. Енді сол орнатып жатыр бағдаршамдарды. Өте ризамыз.