Алматы зообағындағы хайуанаттар саны 4 мыңға жетті

Алматы зообағындағы хайуанаттар саны 4 мыңға жетті

Алматы хайуанаттар бағындағы жануарларды келушілер тамақтандыра алады.

Ол үшін арнайы акция өтіп жатыр. Бүгінде зообақта 4 мыңға жуық хайуанат бар. Олар «Аквариум», «Экзотариум», «Маймылдар», «Жыртқыш аңдар», «Экзотикалық құстар», «Тұяқты» және «Бауырымен жорғалаушылар» атты 7 санатқа бөлінген. Биыл бақ ақ аю, зебра, маймыл, амур жолбарысы және қар барысымен толықты. Орталық жетекшісі 2025 жылға қарай мұндағы жануарлардың түрлерін 400-ге, 2030 жылы 500-ге жеткізбек ниетте. Хайуанаттар бағы шаруашылықты да қолға алған. Биыл хайуанаттар азығы үшін 4 жасанды көлге 3 мың шабақ жіберілді. Оған қоса көкөніс сақтайтын қойма да салынып жатыр. Бұл зообақтың бюджетін үнемдеуге септеседі, дейді мамандар.

Сейілхан Ақылбеков, Алматы хайуанаттар бағының директоры:

- Биылғы жылы біз 25 млн теңгеге көкөністер сатып алып отырмыз. Оның ішінде картоп, сәбіз, қызылша, қырыққабат өнімдері. Егер қойма бітетін болса, біз ол 25 миллионды тағы экономдаймыз. Одан бөлек күзде төменгі бағамен алма, басқа да жидектер стып алатын боламыз.