Жаңа оқу жылы студенттер үшін жаңалыққа толы

Биыл елде  шетелдік алты жоғары оқу орнының филиалы ашылады.

Олар өңірлік университеттер негізінде құрылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алматыға іссапары барысында белгілі болды. Министр мегаполисте 300 орындық жатақхананың ашылуына қатысып, студенттер үйін аралап көрді.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы іссапарын ғылыми қауымдастықпен кездесуден бастады. Жаңа оқу жылы студенттер мен оқытушылар үшін жақсы жаңалыққа толы. Шәкітақының көлемі өсті, оқытушылардың ғылыми дәрежесіне қарай еңбекақысы да артады. Тағы бір жақсы бастама – «Келешек» пилоттық жобасы қолға алынады. Мемлекет жыл сайын білім грантының санын арттырып отыр. Бірақ бұл алдағы 10 жылда республикалық бюджетке айтарлықтай салмақ салады, - дейді министр. Сондықтан баланың болашағына сәби кезінен бастап жинақтау керек.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Осы оқу жылынан бастап ақырындап пилоттық форматта жинақтаушы форматқа көшеміз. Отбасы өзі өз шешімімен 1 айлық есептік көрсеткіш, яғни 3450 теңге ай сайын беріп тұрған жағдайда 7,5 миллион жинақталады. Оның бүкіл есептерін біз қазір есептедік, бұл өте маңызды реформа.

Былтыр елімізде шетелдік төрт жоғары оқу орнының филиалы ашылды. Мемлекет басшысының бұл бастамасы биыл да жалғасын тауып, тағы 6 халықаралық университет еліміздегі өңірлік жоғары оқу орындарының негізінде жұмысын бастайды.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

-  Біріншісі жергілікті универсиеттердің сапасын жэәне деңгейін көтереуге бағытталған. Қазақстанды үлкен өңірлік академиялық хаб орталығы ретінде қалыптастыру. Яғни шетелден қазір көп балалар бізге келіп, ақылы түрде оқуға дайын. 002607 «Stady in Kazakhstan» Қазақстанда оқу брендін қалыптастырып жатырмыз.

Алматыда студенттер үшін жатақхана тапшы. Әлі  12 мыңнан аса төсек орын жетпейді. Бірақ ғылым және жоғары білім министрлігі хостелдер және қонақүйлермен келісімшартқа отыру арқылы 10 мың студентті тұрғын жаймен қамтамасыз етті. Тағы бір жол - бос тұрған жекеменшік ғимараттардың нысаналы мақсатын өзгертіп, студенттер үйіне айналдыру. Осы бағытта бүгін жекеменшік университеттің оқу ғимараты қайта жөндеуден өтіп, 300 орындық жатақхана ретінде ашылд 

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Бизнес құндылығы жоғалып кеткен, немесе әлсіреп кеткен, қонақ үй болсын, бизнес орталық болсын, оны біздің көмегімізбен осындай керемет жэатақханаға айналдыруға мүмкіндік береміз біз. 

Жыл соңына дейін 12 мың төсек орындық 32 жатақхана қолданысқа беріледі. Министр алдағы 5 жылда студенттердің жатақхана мәселесі толық шешілетінін жеткізді.

Гүлжан Көленқызы, Кенже Амраев, Әбен Нарымбаев