Жылыту маусымына дайындық аясында Астанада рейд өтті

Тәртіп сақшылары жеке тұрғын үй секторын аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігіне қатысты ақпарат таратты.

Жыл басынан бері Астанада 400-ден астам өрт тіркелді. Оның 164-і жеке тұрғын үй секторында болған. Рейд кезінде  жылыту пеші мен электр сымдарын дұрыс қолданбау сынды заңбұзушылықтар анықталды. Полицейлер әсіресе жатақханаға айналған тұрғын үйлер мен саяжайларда өрт қаупі жоғары екенін алға тартты.