Жолдау. 303 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында жастарды жұмыспен қамту бойынша кешенді шаралар атқарылып жатыр.

Мәселен, жыл басынан бері барлығы 303 мыңнан астам жас азамат жұмысқа орналастырылды.

Жоғары оқу орындары мен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 18 мың 700 түлегі игерген мамандығы бойынша жастар практикасына жіберілді.

6 мың 600 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналасып, одан әрі қарай тұрақты қызметке шықты.

Биыл жастар арасынан 35 мың 500 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Бұдан басқа Қазақстанда 5 жылға дейінгі мерзімге мөлшерлемесі 2,5%-дан аспайтын шағын несие беру арқылы жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіледі.

2023-2025 жылдары барлығы 90,5 млрд теңге сомасына 18 мың 200 шағын несие беру қарастырылған.

Жыл басынан бері 12,9 млрд теңге сомасына 2 мың 915 шағын несие берілді.