М. Әшімбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Сенат төрағасы М. Әшімбаев та қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтады.

«Ата заң – мемлекетіміздің берік құқықтық негізі. Барша азамат үшін қастерлі саналатын еркіндік, теңдік және татулық мұраттарын сақтауға кепіл болатын басты құжат. Сондықтан бүгінгі мерекенің мән-мазмұны ерекше екені сөзсіз», - деді сенатор өз құттықтауында. Сондай-ақ ол еліміз дамудың жаңа сапалық деңгейіне өткенін, бұл өзгерістердің бірінші кезекті Президент Қ. Тоқаевтың бастамашы болған конституциялық реформамен байланысты екенін атап өтті.