Ата заңым – айбыным. Live

Конституция күні Алматы қаласында да кең көлемде тойланып жатыр.

Мерекелік шаралар екі күнге жоспарланған. Кеше ашық аспан аясында «Сүйікті қаладағы жазғы әуен» фестивалі басталды. Оған қоса барлық ауданда 16 жастағы азаматтарға жеке куәлік табысталып, ұтыс ойындары мен байқаулар ұйымдастырылды. Қазір Көктөбе саябағында үлкен концерт болып жатыр.