Конституция күні Алматыда кеңінен тойланып жатыр

Конституция күні Алматыда кең көлемде тойланып жатыр. 

Мерекелік шаралар екі күнге жоспарланған.

Кеше ашық аспан аясында «Сүйікті қаладағы жазғы әуен» фестивалі басталды. Оған қоса барлық ауданда 16 жасқа толған азаматтарға жеке куәлік табысталып, ұтыс ойындары мен байқаулар ұйымдастырылды. Сондай шараның бірі «Көктөбе» саябағында ұйымдастырылды. «Алматы әуендері» концерттік бірлестігі мерекелік бағдарлама ұсынды. Өнер иелері патриоттық шығармалармен қоса, халыққа танымал әндерін орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жиналған жұртшылық Ата Заңның ізгілігін айтып тауыса алмаймыз, дейді. Расында түптеп келгенде, орта білім мен жоғары білім алу, медициналық қызмет, жалақы, зейнетақы, еңбек демалысы, шетелде оқу, саяхат және басқа да дүниелердің бәрі Конституцияның негізінде жүзеге асырылып жатыр.

Раиса Ақәділова, Павлодар облысының тұрғыны:

- Павлодардан келдім осы Алматыға әдейілеп. Конституция күнін тойлап жатырмыз бүкіл қазақстандықтар. Осы Конституцияның арқасында біздің балаларымыз оқуларын оқып, жұмыстарын істеп жатыр. Менің екі ұлым тегін оқып, жұмыстарын атқарып жатыр. Мен соған өте қуаныштымыз. Барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймын.