«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының үздіктері марапатталды. LIVE

Еліміздегі ең үлгілі отбасылар бүгін елорда төріне жиылды.

Дәл қазір Қазақстан орталық концерт залында  "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының үздіктері марапатталып жатыр. 

Мерейлі отбасы ұлттық байқауы биыл 10-шы жыл қатарынан өтіп отыр. Осы жылдар ішінде 15 мыңнан аса отбасы байқауға қатысқан. Биылдың өзінде 3 мың 344 өтініш түскен. Солардың арасынан ерекше көзге түскен 20-сы бүгін осы залда отыр. Иә, әдетте жеңімпаз біреу ғана болушы еді ғой. Бірақ екі жылдан бері, өз өңірінен үздік атанып келген отбасыларды түгел  дерлік жеңімпаз деп тану жөнінде шешім қабылданды. Сондықтан бүгінгі сый-құрмет, қошемет те осы лауреаттарға арналады. Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева жеткізді. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен сый-сияпат табыстады. 

Бұл жоба - бір әулеттің өздерін дүйім жұртқа таныстырып, ән айтып, би билеуі емес. Бұл - сонау ата-балаларымыз қалап берген отбасы инситутф, ата мен әженің өсиеті, әке мен бала қарым-қатынасы, ананың тәрбиесі сынды құндылықтарды жандандыру, қазіргі таңда осы отбасы мәселесінде мүлт кеткен жеріміз болса, ойланайықшы, ақылға салайықшы дейтіндей салмақты жоба. Қазағымның ынтымағы жарасқан, құт-береке дарыған өнегелі әулеттері көп болсыншы, үлкендер аман болсын.