«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 1200-ге жуық ауыл интернетпен қамтылады

Бұл туралы Президент қабылдауында болған «Қазақтелекомның» басқарма төрағасы айтты. 

Қуанышбек Есекеев компаниялар тобының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған қызметі туралы есеп берді. 5G желісін құру үшін жыл соңына дейін 782 базалық станциясы бой көтереді деп жоспарланған. Ал 2027 жылға қарай ел аумағында 7 мыңнан астам осындай станция салынуға тиіс деді ол. Еліміздің телекоммуникация саласындағы ірі операторының таза пайдасы 16 процентке өскен.