Жамбыл облысында қазына қаржысын мақсатсыз пайдаланған

Жамбыл облысында 45 миллиард теңге қазына қаржысы мақсатсыз пайдаланылған.

Бұл жайында облыс бойынша тексеру комиссиясы мәлімдеді. Мекеме 5 саланы зерделеген. Заң бұзушылықтың басым бөлігі құрылыс саласында анықталды. 17 миллиард теңгеге салынған әлеуметтік нысандардың, жасалған жұмыстары жөніндегі актілері болмай шықты. Ал Тараздың 80 процентін жылумен қамтып отырған мекеме, қазандықты жаңғыртуға бөлінген 243 миллион теңгені кәсіпорын қарызын өтеуге жұмсаған. Сондай-ақ «Жаңатас-Су-Жылу» кәсіпорыны қажеттілік болмаса да автокөлік пен қарда жүретін көлік сатып алынған. Осыған ұқсас заң бұзушылықтар энергетика, спорт, денсаулық сақтау мен автомобиль жолдары және бюджетті жоспарлау басқармаларында анықталды.

Ермек Қарабаев Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының м.а:

- Ағымдағы жылдың 8 ай ішінде 5 аудиттік шара жүргізілген. Жауапты 70 қызметкерге тәртіптік шара қолданылды. 40 жауапты қызметкерлерге тиісті шаралар әкімшілік шаралар қолдану үшін уәкілетті органдарға материалдар жіберілді.