Алматыда 2000 оқушы бір мезетте тоғызқұмалақ ойнады

Алматыда екі мыңнан астам оқушы бір уақытта тоғызқұмалақ ойнап, Қазақстанның рекордтар кітабына енді. 

9 қыркүйек «Тоғызқұмалақ күні». Оны өткен жылы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы бекіткен. Бүгін осыған орай, біздің елмен қоса, бірнеше шет мемлекетте осы зияткерлік ойыннан жарыстар өтті.   

Айназым Әріпова 11 сыныпта оқиды.  Осы шара өтеді,- деп естігенде бірден қатысуға өтініш білдірген. Тоғызқұмалақты бастауыш сыныпта үйреніп алған. Содан бері үйірмеден қалмай, тұрақты түрде шұғылданып келеді. 

Айназым Әріпова, №14 орта мектептің 11 сынып оқушысы:

- Бұл ойынның бір ерекшелігі маған ұнйтын бұл біздің ұлттық ойын біріншіден, екіншіден ойлау қабілетін жақсартады. Логикалық ойлау қабілетін жақсартады. Одан сабырлыққа алып келеді. Ұлттық ойынымыздың осылай дамып жатқанына қуаныш.

Гиннес рекордтар кітабы мен тоғызқұмалақ федерациясының өкілдері қатысушыларды түгелдей санап шықты. Оған Алматы қаласындағы мектептердің  5-ші сыныптан бастап, 11 сынып оқитын оқушылары қатысты. Олардың барлығы тоғызқұмалақ ойынын жақсы меңгерген. Ауқымды шара шара  Тұңғыш Президент саябағында өтті. 

Қарлығаш Жапар, Қазақстан гиннес рекордтар кітабының редакторы:

- Біз тоғызқұмалақ федерациясының өкілдеріне бүгінгі іс шараның ұйымдастырушыларына қалай тез дұрыс санауға мүмкіндік бар деп өтініш жасадық соларға. Біз санап үлгердік. Балаларды шаршатпадық деп үміттемін. 2028 ойнаушылардың санын анықтадық.

Айта кетейік, 2006 жылдан бастап, тоғызқұмалақ әлемдік зияткерлік ойындар олимпиадасы бағдарламасына енді. Ал 2020 жылы ЮНЕСКО шешімімен мәдени мұра тізіліміне алынды. Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменовтың айтуынша, ұлттық зияткерлік ойын жаңа деңгейге көтеріліп келеді.

Әлихан Бәйменов, Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті:

- Бүгінгі шараның тарихи мәнін ескере келе дүниежүзілі тоғызқұмалақ федерациясы Алматы қаласын тоғызқұмалақ ордасы деп атуға ұйғарды. Бүгін бір сәтте бір алаңда 2028 оқушы тоғызқұмалақ ойнады. Бүгін онымен қатар Қазақстаннан басқа 9 мемлекетте осыған ұқсас шаралар өтуде. Ол Бангладеш, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Якутия, Латвия, Колумбия, Монғолия.

Шараға қатысқан оқушылардың барлығы сертификатқа ие болды.  Соңында   Гиннес рекордтар кітабының өкілдері бір уақытта 2 мыңнан аса бала қатысқан тоғықұмалақ ойынын тіркеп, қалалық тоғызқұмалақ федерациясының төрағасына арнайы сертификат табыстады.Еске салсақ, осы жылдың 21-24 қыркүйегі аралығында Алматыда оқушылар арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Радик Жакупов