Үкімет Жамбыл облысындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады

Үкімет Жамбыл облысындағы маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асыру барысын талқылады.

Премьер-Министр 11 тамызда Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында берілген тапсырмалардың орындалу барысы, оның ішінде су шаруашылығы, ирригациялық және дренаждық жүйелерді жөндеу бойынша атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады. Әлихан Смайылов осы орайда қырғыз тарапымен бірлесіп, трансшекаралық өзендер бойынша 2024 жылғы вегетациялық кезеңді өткізу алгоритмін алдын ала әзірлеу қажеттігін айтты. Сонымен бірге Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалалары мен аудандардағы құрылыс, күрделі жөндеу жұмыстарының атқарылуы сөз болды .

Әлихан Смайылов әсіресе су шаруашылығына қатысты құрылымдарды жөндеу, жаңарту және үнемдеу технологияларын енгізуге бас назар аудару керектігін айтты.