СҚО-да жылыту қазандықтарын жөндеуге ₸763 млн бөлінді

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында жылыту қазандықтарын жөндеуге 763 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Тимирязев аудандарындағы жұмыстар аяқталып қалды. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының айтуынша, әлеуметтік нысандар қысқы маусымға толық дайын. Жылу ең алдымен мектеп, балабақша, емхана, ауруханаларға беріледі. Әрі қарай көпқабатты үйлер қосылады. Ал былтыр наурыз айында мұржасы құлаған жылу электр орталығы 88%-ке дайын.     

Владислав Лукин, энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының м.а.:

- Қазір жылу электр орталығындағы №9, 10-ыншы жылу қазандықтары жөнделіп жатыр. Сонымен қатар бір турбоагрегат жаңартылады. Ал түтін мұржасының қисайып кеткен бөлігі бұзылып, жұмыс қайта жалғасады. Жалпы кәсіпорынға 9 млрд теңге инвестиция салынды.