Солтүстік Қазақстан облысының әкімі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғауез Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Ғауез Нұрмұхамбетов Қостанай облысы Қарасу ауданының Майский ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын механизатордан бастаған. Әр жылдары агроном, аудан әкімі, мемлекеттік инспектор, Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары болған. 2023 жылы 25 қантардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Депутаты болып еңбек етті.