Түркістан облысының Отырар ауданында күн электр станциясы іске қосылды

Түркістан облысының Отырар ауданында заманауи күн электр станциясы іске қосылды.

Қуаты 50 мегаваттық кешен шетелдік инвесторлардың көмегімен салынды. Жоба құны – 22,7 миллиард теңге. 100 гектар аумаққа 93 мыңнан астам күн панелі мен қосалқы электр станциясы орналасқан. Бұл тораптар жеті шақырымдық желі арқылы жергілікті электр жүйесіне қосылады. Жалпы Түркістан облысы энергияны сырттан импорттайды. Қажетті энергияның 30 пайызы баламалы қуат көздері. Айта кетейік, Президент жолдауда: Қазақстан электр қуатын басқа жақтан алмауға тиіс, яғни көршілес елдерге тәуелді болмауы керек - деген болатын. Бүгінде облыста жалпы қуаты 362 мегаватт болатын 25 жаңартылатын энергия нысаны бар.