Алматы облысында күріш алқабындағы шабақтар құтқарылды

Алматы облысы Балқаш ауданында күріш алқаптарына шығып қалған шабақтар құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі күрішті суару тоқтатылып, орақ науқаны басталады. Арықтардағы су тартылған кезде шабақтар қырылып қалмас үшін «Балқаш-Алакөл» балық шаруашылығы облысаралық инпекциясы экологиялық шара ұйымдастырды.

Балқаш ауданында егін алқаптарын суартын арық-атыздардың жалпы ұзындығы – 220 шақырым. Бірлік ауылы маңындағы үлкен каналда қазір су тартылған. Шабақтарды құтқару жұмысы басталғалы 10 күннен асты. Балқаш ирригация су шаруашылығы басшысы Валерий Кимнің айтуынша, шабақтарды алқаптарға өткізбеу мүмкін емес. Дегенмен арна бойында балықтың егістікке өткізбейтін 3 жасанды тосқауыл бар.

Владимир Ким, Балқаш су шаруашылығының директоры:

- Биыл құтқарылған балық шабақтары аздау. Бізге тиісі каналдардар 100 мыңнан астам шабақты құтқардық.

Жұмысшылар каналда қалған суды аумен жақсылап сүзеді. Ауға түскен шабақтар бөшкелерге салынып, суға өттегі беріледі. Бұл – балықтың тұншығып қаламауы үшін жасалатын қауіпсіздік амалы.

Алмас Садуақас, тілші:

- Менің уысымдағы мына шабақтар күріш алқабында құтқарылған. Олар Іле өзеніне қосылатын мына су арнасына жіберіледі. Арасында жайын мен сазан бар.

Ринат Құмашев, «Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» басшысының орынбасары:

- Бұл жұмыстарға Балқаш ауданындағы су пайдаланушылар мен 22 бригада құрылып, 105 адам осы балық шабақтатын құтқару жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстарға 25 техника жұмылдырылып, қазіргі таңда 500 мыңнан астам балық шабақтары құтқарылып, Іле өзеніне табиғи мекенін жіберілді.

Жалпы Іле балыққа бай. Мұнда балықтың ақ амур, көксерке, дөңмаңдай, сазан, жыланбалық сынды кең тараған түрлері бар. Өзенде балықтың 20-дан астам түрі бар. Мамандардың айтуынша, балық популяциясын сақтау үшін шабақтарды құтқару – өте маңызды іс. Бұл жұмыс қазан айының ортасына дейін жалғасады.

Авторлары: Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев, Аманжол Жөнкешов.