Ішкі істер министрлігі тоғыз айдағы жұмысын қорытындылады

Құқық қорғау органдары жыл басынан бері 30 тоннадан астам есірткіні тәркілеп, Қазақстандағы 40 жасырын зертхананы жапты.

Бүгін ішкі істер министрлігі соңғы 9 айдағы жұмысын қорытындылады. Тыйым салынған заттарды сататын 3 мыңға жуық сайт бұғатталды.

Сонымен қатар осы кезеңде жол көлік оқиғасының саны 4 пайызға төмендеген. Қоғамдық орындарда тонау, қарақшылық сияқты заңсыздықтар азайған. Ішкі істер министрі ел мектептеріндегі балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аударды. Ержан Сәденов барлық оқу орындарының бейнебақылау және дабыл түймелерімен жабдықталуын бақылауды тапсырды.