Архив құжаттарын зерттейтін ғылыми зертхана ашылды

Елімізде архивтік құжаттарды зерделейтін ғылыми зертхана ашылды.

Республика күні қарсаңында ашылған орталыққа тарихшы ғалымдар мен мемлекет қайраткерлері жиналды. Зертхана ғылыми институттар, отандық архивтер, жоғары оқу орындары мен шетелдік зерттеушілер арасындағы ынтымақтастықты арттырады.  Мемлекет тарихы институты мен Ұлттық архив базасында құрылған платформа бірлескен зерттеу жобаларын жүргізетін алаңға айналады. Мұнда ғалымдар алдымен алыс-жақын шет елден әкелінген тарихи құжаттарды зерделеп,   ғылыми айналымға енгізуді көзедейді. Сонымен қатар, тарихшы ғалымдар Республика күніне арналған жиында бас қосып, отандық тарихты зерттеудегі жаңашылдықтарды талқылады.

Нұрбек Мұсырманов, мемлекеттік тарих институтының директоры:

-Зертхананы ашудағы мақсат осы архивте сақталған құжаттарды қоғам сұранысына сәйкес ғалымдар зерделеп мүмкіндігінше біздің өмірімізге енгізу. Бұл тарихи тқрғыда үлкен маңызға ие. Әзірге біз 7 сурет пен үлкен карта орналастырдық. Бұл ғалымдардың арнайы зерттеулердің арқасында ғана жарыққа шығады. 01,16 Белгілі бір жол картасы негізінде біз құжатарды зерттеуді бастаймыз.

Сағила Нұрланова, ҚР ұлттық архивінің директоры:

- Алдағы уақытта осы екі мекеме арасында ашылған ғылыми зертханада жас ғалымдар, магистрант, доктаранттар келіп зерттеп ғылыми айналымға енгізеді деп сенеміз. Алдағы уақытта жоспар бойынша жұмыс істейміз.