Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Кеше аймақта қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа ұласты. Республикалық бағыттағы 3 жол жабылды. Синоптиктердің болжамы бойынша, қолайсыз ауа райы алдағы күндері де жалғасады. Сондықтан құзырлы орган өкілдері тұрғындардан көктайғақта жолға шықпауын сұрайды.

Ержан Қошқарбаев, облыстық Полиция департаментінің басқарма бастығы: 

- Кешегі жүргізілген шаралар нәтижесінде ешқандай жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ. Біз бірден көлік көп қатынайтын жолдарды жаптық. Қазір ондағы көлік қозғалысы қайта жанданды. Осыған дейін облыстық Полиция департаменті аймақтағы жол ұйымдарындағы 200-ден астам арнайы техниканы тексерген болатын. Қазіргі уақытта олардың барлығы дайын.