Астанада бүлдіршіндер мерекелік акцияға қатысты

«Үлкен елдің кішкентай азаматтары». Осындай атаумен елордамызда мерекелік акция өтті.

Бұл іс-шараның басты ерекшелігі, оған балабақша бүлдіршіндері қатысты. Олар көпшілік жиналған қоғамдық орында ақын-жазушылардың Отан, тәуелсіздік, ел мен жерге деген сүйіспеншілік туралы өлеңдерін жатқа оқып, патриоттық әндер шырқап, мың бұралып би биледі. Акция аясында балалар ересектер арасында «Сиқырлы қоржын» атты викториналық сауалнама жүргізді.

Марал Ахметова, «Еркем-ай» балабақшасының директоры:

- Бүгін біздің бүлдіршіндер «Үлкен елдің кішкентай азаматтары» атты акцияға қатысып, ата-аналарға, қаланың тұрғындарына өте күшті әсер, көңіл күй сыйлады. Акция аясында балалар көрермендерге Қазақстан туын сыйлап, олардың жүрегінде Отанға дейін сүйіспеншілікті тудырды.