Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында қатты жаңбыр жауып, көктайғақ болады.

Алматы, Қостанай, Маңғыстау және Батыс Қазақстан аймақтарын қалың тұман басады. Ал Астана қаласында жауын-шашын болады, ауа температурасы күрт төмендейді. Екпіні секундына 20 метрге дейін жететін жел соғады.