Қаныш Сәтбаевтың баспа машинасы табылды

Баянауыл ауданынан геолог-ғалым, академик Қаныш Сәтбаев қолданған баспа машина табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құнды жәдігерді профессордың жерлестері көздің қарашығындай сақтап келген. Тарихшылардың айтуынша, 1926 жылы академик туған жеріне келгенде сырқаттанып қалады. Сол кезде баянауылдық фельдшер-дәрігер Лионтий Бельдининовтің үйінде жатып емделеді.

Экспонатты Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі қызметкерлері жүргізген ғылыми-зерттеу экпедициясы барысында фельдшердің ұрпақтары табыстаған. Машина жиырмасыншы ғасырдың басында Италияда жасалған деген мәлімет бар. Мамандардың айтуынша, бұл баспа машинасымен Қаныш Сәтбаевтің досы, жазушы Александр Черкашин бірнеше кітап жазған.

Мейрамғали Есмұханов, облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қор сақтаушысы:

- Сол фельшердің үйінде емделген делінеді. Яғни, ол кезде дәрі-дәрмекпен, қымызбен болса да солай. Сонда баспа машинкасын Қаныш Имантайұлы әкелген делінеді сол үйге, ол үйге. Кейінен осы баспа машинкада Черкашиннің өзі 3 кітап жазған, басқан. Оның ішінде «Дочь Баянаула», «Баянауыл», сосын Қосым Пішенбаев жөнінде. Екінші кітабы баспаға ілініп, кітап болып шыққан, қалғаны қолжазба болып қалады. Енді жаңағы Қаныш Сәтбаев әкелген деп осы үйге қалдырылған.