Астанада Анадолы көшесі ашылды

Түркия Республикасы құрылғанына биыл 100 жыл.

Осы орайда мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елорда төрінен көшенің атауы беріліп, ерекше тарту жасалды. Ұзындығы 1 шақырымға жуық көше ЭКСПО аумағында орналасқан. Ақмешіт көшесіндегі Бейбітшілік және келісім саяжолынан бастау алып, Қабанбай батыр даңғылына дейін жалғасады.

Елорда төріндегігі көшелердің бірене Анадолы атауы берілді. Салтанатты шараға Түркия Республикасы елшілігінің қызметкерлері, Астана әкімдігінің басшылары, зиялық қауым өкілдері мен жерлгілікті тұрғындар қатысты.

Сәкен Есіркеп, Астана қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

- Бұрын бұл көшенің аты болмаған Анадолы деп атап отырмыз. Яғни (Осман империясының,) Түркі мемлекетінің құрылған өмір сүрген жері бұрыннан тарихи тұрғыдан Анадолы деп аталады.

Анкарада да Қазақстан көшесі бар. Сонымен қатар Түркияда ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы сияқты қазақтың біртуар ұлдарының құрметіне ашылған көше, саябақ және ескерткіштер көп. Мұның барлығы - екі ел арасындағы бірліктің айқын белгісі дейді жиналғандар. 

Мұстафа Капуджу, Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Бұл шараның маңызы ерекше. Кеше ғана осы елордадағы Ататүрік атындағы саябақта түркі әлемінің қалыптасуына еңбек сіңірген тарихи тұлға Юнус Эмренің де ескерткіші ашылды. Бұның барлығы екі елдің тарихы және мәдениеті ортақ екенін білдіреді. 

Қазақстан мен Түркия елдері тек мәдени не рухани салада ғана емес, экономика, инвестиция және сауда да тығыз байланыс орнатып, ынтымақтастықты артырып жатыр. Қазір қос тарап бірлескен 40 жобаны жүзеге асыруда.

Авторлары: Аслан Қаженов, Жандос Битабаров