Алматыда ұлттық олимпиада жеңімпаздары марапатталды

Алматыда өңірлік «Дарын» орталығының атсалысуымен өткен 7-8 сыныптар арасындағы география пәнінен ұлттық олимпиада жеңімпаздары марапатталды.

Оқушылардың географияға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ пән ретіндегі мәртебесін лайықты деңгейіне көтеру мақсатында ұйымдастырылған білім сайысына Алматы облысының мектептерінен 72 оқушы қатысты. Жеңімпаз 32 бала бағалы сыйлықтарға ие болды. Айта кетейік, география пәнінен олимпиада бұған дейін үш жыл бойы Астана ауқымында апробациядан өткен. Биыл бірінші рет Ұлттық деңгейде ұйымдастырылып отыр. 

Қанат Абашов, жобаны ұйымдастырушы:

- Біз енді тек қана дәстүрлі олимпиада форатында емес оны әрі қарай ғылыми жоба форматына өрбітсек пе дамытсақ па деген ойымыз бар. Өйткені оқушылар білімін сұрақ жауаппен ғана тексере қоймау керек. Ол жаңағы жаңа идеяларды жоба ретінде қорғап соны түсіндіре алатындай және оны өмірде жүзеге асыра алатындай жобаға пісіру керек.