Абай облысындағы ауыл тұрғындары саябақ ашты

Абай облысындағы Қарауыл ауылында жаңа саябақ ашылып, ойын алаңы салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Игі іске ауыл тұрғындары 12 миллион теңге жинады. Нысандардың құрылысына елді мекенде бұрын тұрған азаматтар да атсалысты. Тұрғындар саябақты абаттандырып, бағып-қағуды өз мойнымызға аламыз деп отыр.

Бақытжан Рымғалиұлы, Қарауыл ауылының тұрғыны:

- Саябақты қарап отырсаңыздар, бала-шағамызға, немерелерімізге, келешек ұрпаққа және осы ауданымыздың халқының бірлігіне ұйымдасуына байланысты салынған дүние.

Өмірбек Бекбаев, Қарауыл ауылының әкімі:

- Былтырғы жылы ауыл халқы «Ел аманаты» деген қор құрып, бір жалғыз басты мүмкіндігі шектеулі азаматқа тұрғын үй салып берді. Ауылымыздың жастары «Абай жастары» деген үлкен қор құрып, ауылымыздағы жағдайы төмен отбасыларға қосымша көмек көрсетіп жатыр. Енді халықтың қандай бастамасы болса да, аудан әкімдігі, ауыл әкімдігі бірігіп көмектесуге тырысамыз.