Түркістан облысындағы ауылдарда 37 көше жөнделеді

Түркістан облысының Келес ауданында "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында елді мекендердің ішкі көшелерін жөндеуге ерекше көңіл бөлініп отыр.

Биыл 6 ауылдағы 27 көше жөнделеді деп жоспарланған. Арасында осы уақытқа дейін мүлдем асфальт жабындысы төселмеген көшелер де бар. Жолдары жөнделіп, жүрісі жеңілдеген тұрғындардың қуанышында шек жоқ.

Бұл Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Бозсу елді мекені. Мұнда ауыл құрылғалы асфальт төселмеген ұзындығы 5 шақырым болатын 4 көше бар. Қазір сол көшелер орташа жөндліп жатыр. 35 жылдан бері осы ауылда тұратын Зағира Қыдырова жылдар бойы жол азабын тартқанын айтады. Әсіресе, мектепке баратын балаларымыз қатты қиналатын еді,- дейді.

Зағира Қыдырова, Бозсу ауылының тұрғыны:

- Қыста лай, жазда топырақ. Батпақта мектепке баратын балаларымыз үлкен көшеге шығу үшін қысқы мерзімде бірнеше рт етік алып беруге тура келетін еді. Себебі оны жуумен тозады. Енді міне жолды жарты ғасырылық тарихта бірінші рет осы асфальт төселіп жатыр. Бұл өте қуанышты жағдай. 

Бұдан бөлек Қошқарата ауылдық округіне қарасты Бәйтерек елдімекенінде де жол жөндеу жұмыстары қарқынды. Тақтайдай тегіс жолға табаны тиген ауыл тұрғындарының қуанышы еселене түсті.

Ербосын Байтуов, Бәйтерек ауылының тұрғыны:

- Асфальтіміз келіп жатыр. Газымыз да келді, жағып жатырмыз, кабельді жарық тартылды. Қаладан кем болмай жатырмыз, барлығы жақсы. 

Биыл Келес ауданы бойынша 6 елдімекенде ұзындығы 34 шақырым болатын 27 көше жөнделеді деп жоспарланған. Қазір соның 14 көшесінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Қалған көшелерге асфальт жабындысы төселіп жатыр. 

Алмас Абдуллаев, Келес аудандық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Атап айтақанда Абай ауылының 8-сі, Ақжол елді мекенінің 12 көшесін бүгінгі таңда мердігер мекеме анықталып, келісім-шартқа тұру жұмыстары жүргізілуде. 7 көшенің ішіндегі бүгінгі таңда Қошқар ата ауылдық округі Бәйтерек елді мекенінің Жеңіс көшесіне құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жолдың жалпы ұзындығы 3 шақырым 200 метр. 

Жалпы аудандағы елдімекендердің ішкі көшелерінің ұзындығы 711 шақырым. Оның 368 шақырымы орта жөңдеуден өткен. Яғни 52%-ы қанағаттанарлық жағдайда. Биыл облыс бойынша жол жөндеу жұмыстарына 41 млрд теңге бөлініп отыр. Оған 1521 шақырым жол төселіп, 587 нысан салынады. 

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш