Шымкентте көше тақтайшалары қайта орнатылды

Шымкентте 6 миллион теңгеге жасалған көше тақтайшаларының 3 мыңнан астамы орнатылмай қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал тағы мыңнан астамы талапқа сай болмай шықты. Олардың «QR код» белгісі жоқ, өлшемдердің бірізділігі сақталмаған.

Жалпы қомақты  қаражат 5000 көше маңдайшасына бағытталған еді. Дегенмен Еңбекші аудандық әкімдігі 76 көшеге тиесілі тақтайшалар ілінді деген есеп берген екен. Мұндай заңбұзушылықты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің еріктілері мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жасап анықтаған. Қазір дұрыс маңдайшалар көшелерге қайта орнатыла бастады.

Айжан Кесебаева, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер» жобасының мүшесі:

- Процедура бойынша осы Еңбекші ауданының бас маманы мен әкім орынбасары тәртіптік жауапкерлікке тартылды деген жауап алдық және, екіншіден, жаңағы компанияны сотқа беріпті Еңбекші аудандық әкімдігі сондай жауап алдық және, көріп отырғанымыздай, қазір аудиторлық іс-шара аяқталғаннан кейін берілген мерзім аясында барлық тақтайшалар тиісінше қалпына келтірілген.