Өскеменде диспетчерлер телефон арқылы жедел жәрдем көрсетті

Өскеменнің жедел медициналық көмек станциясының диспетчерлері жыл басынан бері телефон арқылы 35 адамға реанимациялық жәрдем беріп, ажалдан арашалап қалды.

Бірі  жүзік жұтып қойған сәбидің өмірін құтқарып қалса, тағы бірі толғақ қысқан келіншекке бригада жеткенше телефонмен кеңес беріп отырған.

Елдос Әнуархановтың жедел медициналық көмек станциясында жұмыс істеп жүргеніне екі жыл. Осы аралықта телефон арқылы 4 адамның өмірін құтқарған. Үлкен кісі де, он айлық тіпті бір айлық шақалақ та бар. Жақында жүзік жұтып қойған бір жасар балаға қалай көмек беру керегін анасына түсіндіріп, сәбиді аман алып қалды. Айтуынша телефонмен кеңес берген кезде ең бастысы- жағдайды барынша анықтау.

Елдос Әнуарханов, фельдшер-диспетчер:

- Керекті сұрақты қоя білу ключевой вопростар дейді ғой.Өйткені біз адамды көрмейміз ғой, телефон арқылы сөйлесіп тұрғаннан кейін ар жағындағы жағдайды білу үшін негізгі сұрақтарды қоюды тырысамыз.

Елдос өмірін арашалап қалған бүлдіршіндердің бірі - Мансұр. Қазір бір жарым жаста. Анасы оның қаспен-көздің арасында тамаққа қақалып тұншыға бастаған сәтін әлі ұмытпаған. Сол қарбалас кезде диспечердің телефоннан айтқан Геймлих әдісін бұлжыпай орындаған. Соның арқасында балам өздігінен тыныс алды- деп ризашылығын жасырмады.

Аяулым Тұрысбекова, қала тұрғыны:

- Жедел жәрдем келгенше, қызметкер бізбен сөйлесіп тұрды, былай істеңіз,еңкейтіңіз енді арқасын қағыңыз,енді алдынан демалатын жері бар сол жерден қағыңыз деп әйуір рахмет айтам, алғыс айтамыз.

Телефон арқылы 12 жағдайда кеңес беріледі дейді станция жұмысшылары. Алайда бұл анау айтқандай оңай емес. Үлкен жауапкершілік.Сондықтан мұндағы қыз-жігіттер күн сайын нұсқамадан өтеді.Тіпті сынақ та тапсырады.

Бақдәулет Керімхан, бас фельдшер:

- Әрине бұл кісілерге арнайы  сабақ өткізіледі, кейіннен экзамен тапсырады, сол бағытта жұмыс сапасын  яғни тәжірибе деңгейін көтеру мақсатында сабақ өткізіледі,соңынан экзамен қабылдаймыз.

Гүлжанат Тілетаева осы бөлімге жетекшілік етеді. 30 жылдан астам еңбек өтілі бар. Қоластындағы қызметкерлерін «көзге көрінбейтін батырлар» деп еркелетеді. «Алайда талабы мықты. Диспечердің миы тынық, санасы сергек болуы керек»,- дейді.

Гүлжанат Тілетаева, жедел медициналық көмек станциясының бөлім меңгерушісі:

- Диспетчер өте сабырлы,төзімді жинақы және де шақырту түскен кезде қабылдаған кезде сол кісі менің туысым деп ойлап өабылдау керек, сонда ол өте дұрыс көмек көрсетеді.

«Желіде кеңес берудің маңыздылығы талай рет дәлелденді», -дейді мамандар. Дегенмен олар оқиғаның нәтижелі аяқталуы қоңырау шалған азаматқа да байланысты екенін айтады. Ар жақтағы адам мән-жайды қаншалықты сабырлы түсіндірсе, диспетчер де жүйелі әрі жедел көмек бере алады.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов