Павлодар облысында қар тазартатын 400-ден астам техника дайын тұр

Павлодар облысында жылыту пункттерінің жұмысы, арнайы техника және құтқарушылардың дайындығы тексерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір қар тазартатын 400-ден астам техника әзір тұр. Боранды күндері жолда қалып қойған адамдар үшін 100-ден астам эвакуациялық машина бар. Көктайғаққа қарсы инертті материалдар мен реагенттердің қоры жасақталған. Былтырғы тәжірибеге сүйене отырып, қар жиі басып қалатын жол учаскелері анықталды. Қыста сол аумақтарға басымдық беріледі.

Олег Трещев, ТЖД бастығының орынбасары:

- Қыста қар басып қалатын 257 учаске анықталды. 199 жылыту пункті жұмыс істейді. Бұл орындар 15 мың адамға арналады. Мобильді бригадалардың да дайындығы пысықталды.