Павлодарда мектеп салу туралы шешімнің күші жойылды

Павлодарлық прокурорлар мектеп құрылысына жер учаскесін бөлу жөніндегі шешімнің күшін жойды.

Қала әкімдігі нысанды кеме жөндеу зауытының аумағында салуды жоспарлаған. Қыркүйек айында бекітілген жоба Павлодардың бас құрылыс жоспарына қайшы келген. Ал жерді кәсіпкерлердің иелігінен шығару туралы шешім жер және су заңнамасын өрескел бұзады. Құзырлы орган су қорғау аумағында мектептің салынуы балалардың өміріне қауіпті екенін мәлімдеді.

Айдар Байсақов, облыстық прокуратураның басқарма басшысы:

- Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы облыс орталығының бас жоспарына сәйкес келмеген. Мектеп құрылысы ерекше қорғалатын табиғи аумағында жоспарланған болатын. Мектептің су қоймасына жақын орналасуы оқушылардың өміріне қауіп төндіреді. Қадағалау актісі бойынша заңсыз шешімдердің күші жойылды.