Қарағанды облысында ұрлық саны азайды

Алдыңғы жылдармен салыстырғанда қылмыстың бұл түрі 30%-ке төмендеген.

Дегенмен жыл басынан бері 2,5 мыңға жуық іс тіркеліпті. Сондықтан тұрақты өткізілетін профилактикалық шаралардың маңызы зор, -  дейді мамандар. Сұғанақтар көбіне ақша мен құжаттарды қолды етуге әуес. Азаматтардың жеке дерегін алаяқтық іске пайдалануы мүмкін. Сондықтан қадағалаушы орган өкілдері сақтық шараларын естен шығармау қажеттігін ескертеді. Қылмыстың азаюына ұрылардың фотосуреттерін қоғамдық көліктерге іліп, бейнебақылау камераларын орнату да септігін тигізіп отыр.

Әділбек Балабеков, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:

- Әдетте қалта ұрылары келесідей әрекет етеді: 3-4 адамнан тұратын топ жәбірленушіні тығыз сақинамен қоршайды. Әрі қарай оның дамуының 2 нұсқасы болуы мүмкін. Көпшілік арасында сығылысып жүруге үйреншікті адам қалта ұрыларына назар аудармайды және олар оның қалталарын тазартады. Немесе адам бөгде адам сығылысуынан ыңғайсыздықты ғана сезінеді.