Түркістан облысында жүргізушінің 8 млн теңгеден астам айыппұлы бар

Түркістан облысында 8 млн 600 мың теңге айыппұлы бар жүргізуші анықталды.

Аймақтың жол сақшыларына «Қызылорда-Самара- Шымкент» тас жолы бойында "Wolkswagen Passat" автокөлігіне қатысты хабар түскен. Тексеру барысында жүргізушінің ірі көлемде берешегі бар екені белгілі болды. Одан бөлек, «Алматы – Ташкент – Термез» тас жолы бағытында 7 млн 200 мың теңге қарызы бар «Кia Rio» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Бұдан бөлек тәртіп сақшылары рейд барысында "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Оның көлік басқару куәлігі жоқ екені анықталды. Әрі жалған мемлекеттік номермен жүрген.

Қанат Шайдазім, облыстық ПД патрульдік полиция батальонының инспекторы:

- Жүргізушіге 612-баптың 2-тармағы жүргізуші куәлігі жоқ екеніне, 590-баптың 4-бөлігі жалған мемлекеттік нөмірмен басқарғанына, 596-баптың 5-тармағы қарама-қарсы бағытқа шыққанына, 606-бап, авариялық жағдай тудырғанына хаттамалар түзілді. Құрметті жүргізушілер автокөлік басқару кезінде жылдамдықты асырмай, жол ережесін сақтауды сұранымыз. Жолда жүргенде абай болыңыздар!