Елордада «Арман асулары» атты республикалық фестивалі өтті

Ерекше балаларға арналған «Арман асулары» атты республикалық фестивалдің қорытынды кезеңі өтті.

Игі шараны Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымы қолға алған. Елдің түкпір-түкпірінен іріктелген қатысушылар 6 аталым бойынша сынға түсті. Атап айтқанда,  «Бейнелеу өнері», «Қолөнер» «Вокалдық орындау», «Аспаптық орындау», «Хореография» және «Поэзия». Енді гала концертке қатысушылар эстрада әншілерімен бірге өнер көрсетеді.

Дәулет Жадырасын, ұйымдастырушы:

- Биылдан бастап жыл сайын өткізіп тқру жоспарда бар. Биылғы фестивальға 100-ге жуық балалар мен жастар келіп жатыр өңірлерден. Оларда белгілі дәрежеде өңірлерде іріктеуден өтті. Сол іріктеуде ең үздік деген балалар мен жастарды Астанада төрінде Қазақконцертте жинап жатырмыз.

Шахназар Төребай, қатысушы:

- Мен Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Жезді кентінен келіп отырмын. Мен бос уақытымда сурет салғанды ұнатамын. Салған суретімді осы Астанадағы фестивальға әкелдім.

Жауқазын Нұрбекқызы, қатысушы:

- Менің ішім пысқан кезде тал мен гүл жасаймын. Осы фестивальға келгеніме қуаныштымын.