СҚО-да 8 қоқыс полигоны салынады

Солтүстік Қазақстан облысында 8 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны салынады.

Бұл туралы Экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жобалар 2027-інші жылға дейін жүзеге асады. Қазіргі таңда өңірде ресми түрде заңдастырылған полигондар өте аз. Сондықтан тұрғындар қалдықтарын рұқсат етілмеген жерлерге апарып тастауға мәжбүр. Соның салдарынан жыл басынан бері 200-ге жуық заңсыз қоқыс алаңы анықталды. Оның барлығы дерлік жойылды. Ал жауаптыларға айыппұл салынды.

Азамат Бектасов, Экология департаментінің басшысы:

- Екі тексерістің нәтижесінде заңбұзушылық анықталды. Расталды. Осы заңбұзушылық үшін 2,6 млн. теңгеден астам айыппұл салынды. Қажет нұсқамалар берілді. Бүгінгі таңда осы нұсқамалар жоспар құрып, осы полигондарды сәйкес келтіруге жоспар әзірленді.